-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда

    25.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

             Алматы облысында 2024-2025 оқу жылының басында оқушылар саны 14 мың балаға артып, 367 325-ке жетті. Бұл туралы Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы арнайы брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде білім беру сапасын арттыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
    «Біздің міндетіміз – әр балаға сапалы білім мен қауіпсіз ортада білім алуға жағдай жасау. Осы мақсатта жаңа мектептер салу, бар нысандарды жаңғырту және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру бойынша жүйелі шаралар қолға алынған», – деді Диана Тетенқызы.
    Бүгінгі таңда облыстағы 479 мектепте 367 325 оқушы білім алса, мектепке дейінгі ұйымдарда 91 916 бала тәрбиеленуде. Балалардың санының қарқынды өсуіне байланысты үш ауысымды мектептердің санын азайту үшін «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 53 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Биылдың өзінде 7 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, мыңдаған оқушы заманауи білім беру ортасында оқу мүмкіндігіне ие болды.
    Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында өңірде «50 табысты мектеп» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба аясында 3817 мұғалім мен 58 мыңнан астам оқушы арнайы біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар, облыс мектептері заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, оқулықтармен 100% қамтылды.
    Балалардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылуда. Биыл 186 773 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып, асханасы жоқ 36 шағын жинақталған мектепте 6648 оқушы буфеттік тамақпен қамтамасыз етілді. Қауіпсіздік шараларының шеңберінде 371 мектеп жедел басқару орталықтарына қосылып, қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жақсартылды.
    Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да қарқын алуда. 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі кезеңде 8 мектеп, 1 мектеп жанындағы интернат және 1 балабақшада жөндеу жұмыстары басталды. Ал 2024 жылы тағы 11 мектеп, 1 балабақша, 1 колледж және 1 өнер мектебінде сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Барлығы 24 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде деп қорытындылады спикер.

    Ұсынымдар

    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    Тіл – татулық тірегі

    6 months ago
    Baron Food – біздің бренд

    Baron Food – біздің бренд

    1 year ago
    ТАРИХ ТАҢБАСЫ ТАСАДА ҚАЛМАСЫН

    ТАРИХ ТАҢБАСЫ ТАСАДА ҚАЛМАСЫН

    1 month ago
    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    3 weeks ago
    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>