-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Өмірін өлеңмен өрнектеген

    01.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Өмірін өлеңмен өрнектеген
    0
    SHARES
    50
    VIEWS

         Облыстық орталық әмбебап кітапханасында ақын Берік Баиловтың «Өмірімнің өрнегі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Қаламгердің бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа туындылары топтастырылған жинақ – өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген шайырдың үшінші кітабы. Тілі шұрайлы, мағынасы терең туындылары қалың оқырманға етене таныс Берік Шәріпұлының әдеби кешіне облыстық кітапхана ұжымы үлкен қолдау танытып, рухани шараға мұрындық болған. Өлеңсүйер қауымның басын қосқан тағылымды жиынға танымал ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары қатысып, ыстық лебіздерін арнады.

    Рухани басқосуды ашқан кітапхана қызметкері Алғабек Хамитұлы өмірі өлеңмен өрілген ақынды ардақтап келген қадірлі қонақтарды таныстырды. Сахнаға көтерілген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Кәдірбек Құныпияұлы кеш иесінің шығармашылық әлеуетін жоғары бағалап, өлеңдерінің нәзік иірімдеріне, сыршылдығына ерекше назар аударды. Туған жер, өскен орта, өмір жайлы толғаныстары мен адамгершілік қағидасынан аттамайтын туындыларын оқырманға орамды ой салар қайталанбас жауһарға теңеді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Нұрдәулет Ақыш та ақынның біліктілігі мен білімділігін тілге тиек етіп, ел тарапынан еңбегі бағаланған азамат екенін айтты. Ақынның кітапханаға деген құрметінің биік екенін, үнемі үздік оқырман атанатынын сөзіне қосқан Қонаев қалалық кітапханасының директоры Айгүл Бегімбайқызы қала әкімінің құттықтау хатын оқып берді. Әлем халықтары жазушылар одағының президенті Гүлхан Айтақынқызы ­
    Берік Шәріпұлына Құрмет грамотасын тарту етті.
    Үлкен экраннан Берік Шәріпұлының өмір жолы кестеленген бейнеүзінді көрсетілді. Семей облысы Шұбартау ауданы, Бидайық ауылында дүниеге келген ақын алғашқы өлеңін 7-сынып оқып жүргенде жазған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Заречный ауылындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. Өскелең ұрпаққа білім бере жүріп, қатардағы мұғалімнен мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры лауазымына дейін көтерілген. Бүгінгі таңда Заречныйдағы кәсіптік колледждің директоры болып қызмет атқарып келеді. Өңір әдебиетінің өрлеуіне өзіндік үлес қосып, түрлі додалардың бас бәйгесінен көрінген.
    Жұртшылыққа берері көп туындыларымен танылған, өлеңге деген махаббаты жүрегінен табылған Берік Шәріпұлының аталмыш кітабының жарық көруіне қолдау танытқан – білікті дәрігер, меценат Ғани Смаханұлы мен ел ағасы Абдрахман Есенбаев. Ақынның руханиятқа өлшеусіз үлес қосқан атымтай жомарт азаматтарға айтар алғысы шексіз.
    Ақ тілектер ақтарылған әдеби кеште кітапхана ұжымы жаңа кітаптың ішінен өлең жолдарын мәнерлеп оқып, көпшіліктің қошеметін иеленді. Берік Шәріпұлының ұлы да әкесіне деген шексіз ықыласын жыр жолдарымен өрнектеп, асқар тауымен асқақтай берерін баяндады. Қонаев қаласындағы өнерлі балалар орталығының шәкірті Әлихан Атыхай қазақтың қасиетті домбырасын күмбірлетіп, көрермендерді күй әлеміне жетеледі. Аталмыш орталықтың ұстазы Фариза Әбілтаева ақынның сөзіне жазылған әндерден шашу шашса, құрметті қонақтардың қатарындағы аналарымыз дара дауыстарымен әдеби кешті әрлендіре түсті. Қорытынды сөз алған Берік Шәріпұлы өмір жайлы тебірене өлең оқып, ақынын ардақтаған кітапхана ұжымы мен қадірлі қонақтарға риясыз алғысын жеткізді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    2 years ago
    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    2 years ago
    Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж

    Елімізде 4 мыңдай адам ағза ауыстыруға мұқтаж

    1 month ago
    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    Су қоймаларымыз жаңартылса екен

    1 year ago
    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.