-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаңырақ шаттығы

    17.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Шаңырақ шаттығы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні болып бекітілген болатын. Бұл күн жарасымды жанұялардың береке-бірлігін насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын кең көлемде дәріптеуде айрықша маңызға ие. Қазақта қара шаңырақ киелі ұғым болғандықтан, халқымыз шаңырақты әрдайым қастерлеп өткен. Себебі, осы шаңырақ арқылы ұлтымыздың тамыры тереңге жайылып, ынтымағымыз берік сақталды.

    17 наурыз Кеген аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Шаңырақ» күні мерекесіне орай, «Шаңырақ-бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Айтулы шараға ақ жаулықты аналармен ақ сақалды аталар, мектеп оқушыларымен кітапхана қызметкерлері қатысып, ұлттық нақыштағы игілікті іс-шараның куәсі болды.

    Мақсаты отбасының берекесі мен жарасымдылығын атап өтуге арналған шара арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасылық дәстүрлерді сақтауға шақыру. Ұлттық мұраларымызды әспеттей отырып, жас ұрпақтың көңіліне ой салып, жүрегіне қазақы рең беру.

    Іс-шара дәстүрлі әнші, Өжек Жаңабаев атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ләззат Әбдіқадірқызы жетекшілік ететін «Ақжелең» жас күйшілер ансамбілінің орындауындағы халық күйі «Кеңес» және Құманғазының «Балбырауын» күйімен басталды.

     Аудандық кітапхананың абономент бөлімінің меңгерушісі Жібек Молдасанова «Шаңырақ – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нысаны» тақырыбында баяндамасын оқып, мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.  Библиограф Жаңылай Дәулетбай қатысушыларға мерекенің құрметіне жасақталған кітап көрмесімен және шаңырақ туралы арнайы слайдпен таныстырды.

    Құттықтау сөз алғандар аудандық аналар кеңесінің төрағасы, «Белсенді ұзақ өмір орталығының» кеңесшісі Бақытгүл Көнеева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Көпжасар, кітапханашы Зинагүл Күнесбай, Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлназ Толонқызы қазіргі қазақ отбасы мен шаңырақ ұғымы туралы өз ойларын бөлісті.

    Аталған іс-шарада Сержант Жетпісбай, Арғынбай Шілікбаевтар айтулы мереке отбасы мен ұрпақ сабақтастығының, ата-аналардың балаларға деген жауапкершілігінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етіп, көпшілікке «Наурыз баталарын» берді.

    Отбасының ұйытқысы болып табылатын шаңырақты сақтау мен оны дәріптеуге бағытталған маңызды шара осылайша дәріптеліп, көпшілік отбасындағы шаңырақ шаттығы ортаймасын деген тілекпен тарқасты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қимылдаған қыр асады

    Қимылдаған қыр асады

    6 months ago
    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

    Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

    6 months ago
    Ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді

    Ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді

    2 years ago
    Қонаевта МӘМС аясында жүздеген ота жасалды

    Қонаевта МӘМС аясында жүздеген ота жасалды

    2 years ago
    Көпбалалы ана: Әйелдердің жағдайын жақсарту үшін дауыс бердім

    Көпбалалы ана: Әйелдердің жағдайын жақсарту үшін дауыс бердім

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.