-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Бүгінде мұғалімдер мен ата-аналарды алаңдатып тұрған өзекті мәселе – мектептегі әлімжеттік, зорлық-зомбылық, балалардың бір-бірін қорлауы, мазақ етуі, келемеждеуі, күш көрсетуі. Бір сөзбен айтсақ – буллинг. Ол әртүрлі формада кездеседі. Бұл құбылыс өскелең ұрпақтың психологиялық және физикалық саулығына теріс әсер ететіндіктен, оның алдын алу тек білім беру ұйымдарын ғана емес, қоғамды алаңдататын үлкен мәселеге айналып отыр.

    Сондықтан білім ордаларында оқушыларға психологиялық көмек көрсетіліп, тәрбиелік мәні бар бағдарламалар жүзеге асырылып, заңнамалық іс-шаралар қолға алынуда. Соның бірі – Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы Омар Мухаммадий атындағы орта мектепте ұйымдастырылған «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты біліктілікті арттыру курсы. Онда «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушысы Дина Нұрғалиева психологтарға,  сынып жетекшілерге, әлеуметтік педагогтарға және педагог-ұйымдастырушыларға дәріс берді.
    Оқыту курсы зорлық-зомбылыққа қатысты нормативтік құқықтық құжаттарды қамтыды. Буллингтің түрлері және алдын алу іс-шараларының алгоритмі құрылып, оны іс жүзінде қолданудың жолдары үйретілді. Курсқа қатысушылардың ой-пікірі сараланып,  талқыланды. Әрбір маманның өз бағыты бойынша  жанын сала жұмыс атқаруы курс мақсатының айқындығын көрсетті.
    Білім беру мекемелері қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру үшін зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күресуі тиіс. Мектептерде достық қарым-қатынасты насихаттайтын мәдениет қалыптастыру – маңызды. Мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үлгі болып, оларға қиын жағдайлар туындағанда қалай әрекет ету керектігін үйретуі тиіс. Осы орайда мамандар «Бірлік түбі – береке» дегенді темірқазық етіп ұстанып, түйткілді мәселенің түйінін бірігіп тарқатуға бірлесіп атсалысса, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы жарқын болатыны даусыз. Тек сонда болашақ ұрпақтың толыққанды және қауіпсіз дамуына маңызды қадам жасай аламыз.

    Динара ТҰРБАЕВА,
    «Өркен» балалардың әл-ауқатын
    арттыру ұлттық ғылыми-практикалық
    институтының аға оқытушысы
    Талғар қаласы

    Ұсынымдар

    Жер сілкінгенде не істеу керек?

    Жер сілкінгенде не істеу керек?

    1 year ago
    Озық ойлы ұлт оқудан қол үзбейді

    Озық ойлы ұлт оқудан қол үзбейді

    12 months ago
    Әсет әндері әуеледі

    Әсет әндері әуеледі

    1 year ago
    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    7 months ago
    Өлгендер қайтып келеді

    Өлгендер қайтып келеді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.