Перейти к содержимому
Главная страница » Мемлекеттік қызметкерлерге түсіндірді

Мемлекеттік қызметкерлерге түсіндірді

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы
Конституциясына енгізілген өзгерістерді, жаңа «Мемлекеттік қызмет
туралы» Заңның негізгі талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өтті. Оған басқарма, бөлім, мекеме
басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының
директоры Қазыбек Дауталиев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы
Нұрсұлтан Сейдалиев, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ерлан
Айзада және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының
міндетін атқарушы Айдана Нұрғалиева спикер ретінде қатысты. Жиынға
төрағалық еткен аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы елімізде шілдеден бастап жаңа
Конституцияның қолданысқа енгізілуіне байланысты бірқатар заңнамалық
өзгерістерді атап өтті.
Кездесу барысында спикерлер тарапынан жаңа заңнамалық
өзгерістердің негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттары,
мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ
мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормалары мен сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу тетіктері кеңінен түсіндірілді. Жиынға
қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан
жан-жақты жауап алды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы