Жаз шыға салысымен республикалық, облыстық маңызы бар жолдар бойында жеміс-жидек, көкөністер мен қауын, қарбыз саудасы қызады. Маусымдық өнімдерін саудаға шығарған шаруалар кейде белгіленбеген орындарда сауда жасап, тәртіп бұзып жатады. Сондықтан да күні кеше Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында маусымдық өнімдерді белгіленбеген орындарда сатуға жол бермеу мақсатында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүрді.
Аталған іс-шара учаскелік полиция қызметкерінің қатысуымен ұйымдастырылып, тұрғындарға қолданыстағы заң талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сауда-саттықты арнайы белгіленген орындарда ғана жүргізу қажеттігі, сондай-ақ жол бойында сауда жасау қауіпсіздік талаптарына қайшы келетіні айтылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға заң бұзушылықтың салдары ескертіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір тұрғынның міндеті екені, сонымен қатар, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол жиегінде заңсыз сауда жүргізуге жол берілмейтіні нақты айтылып, ескерту жасалды. Ал заң бұзушылық қайталанған жағдайда
Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталатын болады.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ Ұйғыр ауданы

