Отбасыдағы татулық пен өзара құрмет – қоғам тұрақтылығының негізі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін отбасындағы кез келген жанжалды дер кезінде шешіп, мәселені күш қолданбай, заң аясында реттеу қажет. Талғар ауданында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Зорлық-зомбылыққа тап болған адам көмек сұраудан қорықпауы керек, ал жақындары мен көршілері мұндай жағдайға бейжай қарамағаны жөн. Баланың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі ата-анаға ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік жүктейді. Отбасындағы сыйластық пен мейірім күш қолданудан әлдеқайда маңызды. Берекелі отбасы көбейген сайын, Талғар ауданындағы қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі де беки түседі.
Ерзат АСЫЛ