Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды әрі қымбат құндылықтардың бірі. Сондықтан отбасындағы зорлық-зомбылыққа және кез келген күш көрсету әрекеттеріне жол берілмеуі тиіс. Іле ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды міндеттердің қатарында. Кез келген жанжалды күш қолдану арқылы емес, өзара түсіністік пен заң аясында шешу қажет. Зорлық-зомбылыққа тап болған адам көмек сұраудан тартынбауы тиіс. Мұндай мәселеге қоғам мен айналадағы адамдардың бейжай қарамауы да маңызды. Отбасындағы сыйластық пен татулық – қауіпсіз қоғамның берік негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ