Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Сайлау заң талаптарына сай өтуде

Сайлау заң талаптарына сай өтуде

72 қаралым

Бұл жолғы Құрылтай сайлауы қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше мән берілген. Зағип және көзі нашар көретін дауыс берушілер үшін Брайль қарпімен терілген трафареттер мен ақпараттық стендтер әзірленді. Қонаев қаласы бойынша 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Осындай ауқымды саяси шараны байқаушыларсыз елестету мүмкін емес.
– Мен Құрылтай сайлауына «Дауыс» ұйымының байқаушысы ретінде қатысып отырмын. Байқаушының негізгі міндеті – дауыс беру процесінің ашық, заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалау. Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Дауыс берушілер белсенді қатысып жатыр, барлық процедуралар заң талабына сәйкес жүргізілуде. Қонаев тұрғындары үшін де Құрылтай сайлауының маңызы өте зор екенін дауыс беруге келіп жатқан азаматтарымыздың белсенді қатысуынан байқадым. Мен де зайырлы мемлекеттің азаматы ретінде сенім мен үміт арта отырып, Қазақстанның өркендеуіне тамшыдай болса да, үлесімді қостым деп ойлаймын, – дейді Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округіндегі №956 сайлау учаскесінің байқаушысы Камила Мағжанбетова.

Ерзат АСЫЛ,
Қонаев қаласы