Зорлық-зомбылық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін әрі адам өміріне қауіп төндіретін өзекті мәселе. Әсіресе отбасындағы күш көрсету әрекеттері балалар мен ересектердің психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір адам өзінің құқықтарын біліп, қиын жағдайға тап болған кезде көмек сұраудан қорықпауы керек. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, мәселелерді өзара келісім арқылы шешуге ұмтылғаны жөн. Зорлық-зомбылық белгілерін байқаған азаматтар тиісті органдарға хабарлап, қауіптің алдын алуға үлес қоса алады. Қоғамда мұндай әрекеттерді ақтауға болмайтыны туралы түсінік қалыптастыру маңызды. Әр адамның қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қорғау – «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі талаптарының бірі.
Ерзат АСЫЛ
