-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Кәсіби мереке

    Алаңдағы аламан

    13.07.2024
    in Кәсіби мереке, Мереке
    Алаңдағы аламан
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

               13 шілде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күніне орай, Қонаев қаласында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтті.

    Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайыс еліміздің Гимнімен ашылды. Осыдан кейін әділқазылар алқасы мен төрешілер таныстырылып, ойынның тәртібі түсіндірілген соң жеребе өткізу үшін команда капитандары ортаға шақырылды. Әрі қарай өз департаменттерінің намысын қорғауға келген командалардың жарысы басталды.
    Мерекелік сайыста Алматы облысындағы күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының атынан түскен 12 команда бір-біріне дес бермеді. Жартылай финалға шыққан төрт команданың үшеуі ақтық сынға жолдама алды. Олар – ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің командалары.
    Шекарашыларға қарсылас болып ҚМ десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің әскери қызметшілері шықты. Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сайыпқырандары оларды 1-0 есебімен ұтты. Доданы жеңіспен бастаған команданың құрамында майор Тілек Ражанов пен Ерғали Батрашев, ефрейторлар – Балқаш Сейдахметов, Жасылан Қабыл, Аршат Мамешов, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгерлері – Жақсылық Еркінұлы, Әділет Қозыбай және Бексұлтан Азаматтар бар. Тартыс кезінде қақпашы болған Бексұлтанның шаршы алаңдағы өнеріне жиналғандар тәнті болды.
    Өкінішке қарай, шекарашылар үшін Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасы ең мықты қарсылас атанды. Біздің команданың қақпасына допты екі мәрте салып, күнқағарлы жасыл фуражка иелеріне мүмкіндік қалдырмады. Осыған намыстары қара қазандай қайнаған шекарашылар үшінші орын үшін болған тайталаста өңірлік фельдъегерлік қызметтің атынан түскен топты 3-1 есебімен ойсырата жеңді.
    Бұдан кейін ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің 1-командасымен (турнирді ұйымдастырушылар бүгінгі сайысқа өздерінің екі құрама командасын дайындап әкеліпті) ойнады. Біздің Отан қалқандары соңғы сәтте де аянып қалған жоқ. Белгіленген уақыттың ішінде қарсыластың қақпасына 5 гол салып, үздік нәтиже көрсетті.
    Осыдан кейін бірінші орынға талас басталды. Алаңда ала доп қуалаған қос команда көпке дейін беріспеді. Бірақ жеңіс Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасына бұйырды. Ал екінші орын ҰҚК департаментінің командасына берілді.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған мәртебелі қонақтар жеңімпаздарды грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Турнирге арнайы қатысқан ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюпов алғашқы үштікке кірген командаларды құттықтады.
    Міне, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төл мерекесін ұлықтаған турнир өз мәресіне жетті.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
    ҰҚК Шекара қызметінің
    запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    12 months ago
    Алматы облысында  68 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 68 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

    2 years ago
    Тоқаев: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары – Президент Жолдауының толық мәтіні

    2 years ago
    Интернетке қол жетпей тұр

    Интернетке қол жетпей тұр

    1 year ago
    Журналист жайын кім ойлар?!

    Журналист жайын кім ойлар?!

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>