-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баспаналы болу – бір бақыт

    03.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Баспаналы болу – бір бақыт
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қарасайлық бірқатар отбасы баспаналы болды. Аудан әкімі Жасұлан Естенов әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында қуаныш  иелеріне пәтерлерінің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

    Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінде  салынып жатқан жалдамалы пәтерлер бұған дейін де әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларға беріліп келген болатын. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүгедек бала бағып отырған, толық емес отбасылар бар.

    Жамбыл ауылында тұрып келген  Ернат Ерланұлы мен  жұбайы Самал – үш қыздың ата-анасы.  Бүгіндері 11-ге толған тұңғыштары Айару тағдырдың жазуымен мүгедек болып қалғалы небір қиындықты бастарынан өткерген.  Оның сіңлілері  Кәусар мен Айша аналарына көмекші болып, әпкелеріне қарасуға жарап қалған. Отағасының табысы баспана алуға жетпегендіктен, ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрып, ақыры жалдамалы болса да өз шаңырақтарына қол жеткізіп отырған жайы бар.

    Толық емес отбасы  қатарындағы Факия Қылышбаеваның да қуанышында шек жоқ. Алматы қаласындағы «Қазпошта» бөлімшелерінің бірінде оператор болып еңбек ететін  ол пәтер кезегінде 2013 жылдан бері тұрған.  Осыған дейін Жандосов ауылында әке-шешесімен бірге тұрып келген.

    Бұл күні жаңа пәтердің кілтін алған  Әшіргүл Әбиева,  Кенжегүл Чемірбаева,  Света Ілиясова,  Шолпан Есімбекова,  Лейла Мамедова,  Оксана Қанапиянова, Милена Аширова,  Жанар Нұрлан да тағдырдың тауқыметін тарта жүріп, келер күнге деген сенімін жоғалтпаған жандар. Міне, сол үміттері ақталып, жаңа әрі жайлы пәтердің иесі атанып отыр.

    Салтанатты шараның соңында журналистерге берген сұхбатында Жасұлан Тоққожаұлы бұл жалдамалы  пәтерлер құрылыс компаниясынан бюджет қаржысына   сатып алынып,  кезек бойынша баспанаға зәру жандарға  берілетінін айтып өтті.  Осылайша, жыл басынан бері 40 отбасы баспаналы болып үлгерген. Бұл жолы тағы да 18 пәтер өз иелерін тауып жатса, жыл соңына дейін тағы да  30  мұқтаж отбасы қоныстойын тойлайды деп күтілуде. Айта кетерлігі, бүгінгі күнге 8 мың қарасайлық баспана кезегінде тұрған көрінеді.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Халықтық штаб мүшелері “Орман шарашылығы” ұжымымен кездесті

    8 months ago
    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    Облыстағы 333 саяжай жақын елдімекендерге қосылады

    2 years ago
    Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді

    Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді

    5 months ago
    Әділеттің үстемдігі жолында

    Әділеттің үстемдігі жолында

    1 month ago
    Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

    Тұрғындар экология мен денсаулыққа залалы бар зауыттарды жабуды талап етті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.