-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сан емес, сапа маңызды

    03.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Сан емес, сапа маңызды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Аудан орталығы Бақанаста екі қабатты 4 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

    Қазан айында іргетасы қаланған тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуді «BC Lengthy life» ЖШС өз жауап­кершілігіне алған. Құрылыс барысымен танысуға барғанымызда серіктестік директоры Жеңіс Қасымбек, бас инженер Әлішер Қасымбеков және прораб Лю Хы Чан тұрғын үйлердің сызбасына қарап, өзара жұмыс жүйесін жоспарлап тұр екен.
    Атқан таңмен таласа тұрып, кеш қарайып батқанша тынымсыз жұмыс жасап, еңбектің қара қазанын қайнатып жатқан инвесторлардың айтуынша, тұрғын үйлердің іргетасы қаланған күннен бастап, қоңыр күздің қолайсыз ауа райына қарамастан бар күш-жігерлерін салып, жұмыс қарқынын бір сәтке де толастатпаған. Олардың алға қойған мақсаты – 20 желтоқсан күні құрылыс жұмысын толыққанды аяқтау.
    Әңгіме барысында «BC Lengthy life» ЖШС-ның директоры Жеңіс Рахымберліұлы тұрғын үйдің әр­қайсында жеке аула болатынын, табиғи газға қосылған жылыту қазандығы орнатылатынын, сонымен қатар электр жарығын, ауыз су құбырын, кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары да бірге атқарылып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда 6 тұрғын үйдің кірпіш қалау жұмысының 70 пайызы, бетон құю ісінің 90 пайызы және темірлерді торлау жұмысының 85 пайызы орындалғанын атап өтті. Сонымен қатар ол кірпіш қалау аяқталған бетте тұрғын үйлердің төбесін жауып, шатырын орнату, сыртын қаптау, іші-сыртын сылау, есік-терезелерін орнату, әктеу, сырлау жұмыстары өз кезеңімен жасалынатынын және құрылыс заттары жеткілікті екенін сөз етті.
    Инвесторлар ауа райы қолайлы болса, 20 желтоқсанда тұрғын үйлердің құрылысын толыққанды аяқтап, аудан әкімдігіне табыстайтындарына кәміл сенімді. Жаңа үлгіде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы дер уақытында аяқталса, үй кезегінде тұрған 24 отбасы баспаналы болып, қоныстойын тойлап, аудан тұрғындары бір қуанып қалар еді. Бұйырса, ол қуанышты сәтті көрер күн де алыс емес.
    Құрылыста жұмыс істеп жүрген 47 адамның 12-сі аудан тұрғыны екен. Еден құю жұмысын өз міндеттеріне алған Бақанас ауылының тұрғындары Нұрсұлтан Серік, Дияр Үсенбаев, Еламан Серік сынды азаматтар тұрғын үйлердің сапалы болуына баса мән беріп, бар өнерін салып жұмыс істеп жатқандарын жасырмады. Кез келген тұрғын үйдің сапалы салынуы сол жерде еңбек етіп жүрген құрышқолды құрылысшыларға тікелей байланысты. Егер олар «Бұл баспанада біз тұрмаймыз ғой» деп өз міндеттеріне атүсті қараса, ол үйдің сәні мен сәулеті жараспасы анық.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    1 year ago
    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    2 years ago
    Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    9 months ago
    Жастарға арналған орталық

    Жастарға арналған орталық

    11 months ago
    Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр су қоймаларын пайдалануға берілмек

    Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр су қоймаларын пайдалануға берілмек

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>