-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндік!

    09.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    «Жайлы мектеп» – жаңа мүмкіндік!
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

         Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова аталған білім ошақтарының өзіндік ерекшеліктерін сөз етті.

    «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Алматы облысының 5 ауданын­да 24 900 оқушыға арналған 26 мектептің құрылысы басталып, ол үшін республи­калық бюджеттен 2023-2025 жылдарға 181,6 млрд теңге қарастырылды. Бүгінде 11 100 оқушыға арналған 9 мектеп пайдалануға берілген. Басқарма басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлының айтуынша, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы ұсынған нысандарды іске қосу жоспарына сәйкес биыл 17 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.
    – Ашылған мектептерде оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу үшін трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, медиатека, электронды кітапханамен қамтылған. Бұған қоса, автокөліктерге арналған тұрақ орындары, автобус бағыттары мен аялдамалар, тротуарлар салынған, іргелес аумаққа жарықтандыру жүргізілген, білім ошақтары жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін блоктік-модульдік қазандықпен жабдықталған, – дейді Мұхамедғаріп Құрманғалиев.
    Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлованың сөзінше, өңірдегі өзекті мәселе саналатын үшауысымды мектептер жайы оң шешіп тауып келеді. Өткен жылы бірқатар білім ошақтарының салынуы үшауысымда білім беретін мектептер санын 53-тен 32-ге дейін азайтуға мүмкіндік берген.
    – Алматы облысында жыл сайын 13 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын аттайды. Сондықтан орын тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасымен қоса мемлекеттік әріптестік аясында жеке инвесторлардың мектеп салуына мүмкіндік жасап отырмыз. Осы ретте өткен жылы Еңбекшіқазақ ауданында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Біз білім сапасын арттыруға бағытталған игі жобаларға қашанда қолдау көрсетеміз. Білім сапасын арттыруға, оқу бағдарламаларындағы кемшіліктерді түзетуге, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, кәсіби өсуіне мейлінше жағдай жасалуда, – деді Гүлсара Тастандықызы.

    Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

    Ұсынымдар

    Құқықтық сауатты арттыратын ақпараттық науқан басталды

    Құқықтық сауатты арттыратын ақпараттық науқан басталды

    2 years ago
    Қарты бар үй – қазыналы

    Қарты бар үй – қазыналы

    8 months ago
    Тәжірибе алмасу –  жаңа мүмкіндік

    Тәжірибе алмасу – жаңа мүмкіндік

    2 months ago
    Жауынгерлік жол – ұрпаққа үлгі: Ауған соғысының батырлары әскери бөлімде

    Жауынгерлік жол – ұрпаққа үлгі: Ауған соғысының батырлары әскери бөлімде

    4 months ago
    Ата  дәстүрден ажырамайық

    Ата дәстүрден ажырамайық

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>