-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су шаруашылығын аралады

    16.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Су шаруашылығын аралады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданында болды. Мұндағы сушаруашылық нысандарын аралап, ирригациялық каналдарды қайта құру және коммуналдық кәсіпорынның жұмыс істеу барысын тексерді.

    Аймақ басшысы «Айтуар», «Саз Талғар», «Р-3» және «Р-2» каналдарын қайта жаңарту учаскелері, сондай-ақ, «Alatau Public Utilities» коммуналдық кәсіпорнының қызметімен танысты. Туғанбай ауылындағы «Айтуар» каналында аяқталған жұмыстарды көрді. Бұл жерде бастапқы жобалық құжаттамада көзделмеген шлюзді орнату басты мәселе болып тұр. Мердігердің айтуынша, қазір Ислам даму банкінің қатысуымен жобаға өзгерістер енгізу мүмкіндігі талқыланып жатқан көрінеді.
    «Саз Талғар» каналының учаскесінде Марат Елеусізұлы судың біркелкі келмеуіне назар аударды. Науалардың шағын диаметрі мен құбырлардың дұрыс орнатылмауы мұндағы жекелеген учаскелерде судың ысырап болуына әкелуде. Соның салдарынан сумен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі орын алуы мүмкін. Сондықтан әкім мұндай техникалық кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырды.
    «Р-3» арнасы бойынша да орнатыл­ған науалардың сапасына қатысты наразылықтар анықталды. Мердігердің айтуынша, тасымалдау барысында шағын жарықтар пайда болған. Аймақ басшысы мұндай жағдайларға жол берілмейтінін атап өтіп, суару маусымы аяқталғаннан кейін бүлінген элементтерді ауыстыруды тапсырды. Тағы бір нысан – «Р-2» арнасында Талғар ауданына қарасты шамамен 1700 гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруды қамтамасыз ететін құбырды қалпына келтіру жоспарланып отыр.
    Облыс әкімінің сапары сумен жабдықтау саласындағы жаңа оператор – «Alatau Public Utilities» кәсіпорнын аралаумен аяқталды. Мұнда аймақ басшысына сумен жабдықтау көздері және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша толық ақпарат берілді. Тиісті мекеме басшылары мен жауапты тұлғалардың өз жұмыстары бойынша баяндамаларын мұқият тыңдаған Марат Елеусізұлы үдерістерді цифрландыру мен коммуналдық қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
    Аймақ басшысының жұмыс сапары облыс әкімдігінің құрылыс, суды орнықты пайдалану және инфра­құрылымды жаңғырту сала­ларында заңдылықты қамтамасыз ету мәселе­леріндегі берік ұстанымын айқын көрсетті. Барлық анықталған кемшілік белгіленген тәртіппен жойылады, ал инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үнемі бақылауда болады.
    Облыс әкімінің бұл сапарынан түйгеніміз – мердiгерлердiң жауап­кершiлiгi, сапалы жоспарлау және ресурстарды басқарудың заманауи тәсiлдерi аймақтық саясаттағы басым бағыттар болып қала бередi.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    7 months ago
    Тама бабаға тағзым

    Тама бабаға тағзым

    1 year ago
    Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

    Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

    2 weeks ago
    Бабаларым, рақмет сендерге!

    Бабаларым, рақмет сендерге!

    3 days ago
    Ынтымақтастық артады

    Ынтымақтастық артады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>