-13 °c
Qonaev
Thursday, July 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баскетбол бәсекесі басталды

    02.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Баскетбол бәсекесі басталды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорттық ойындары аясында 3х3 баскетбол бәсекесі басталды. Жарысқа еліміздің 12 облысынан: Астана мен Алматы қалаларынан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарынан 2007 жылы туған және одан кіші ұл- қыздар, барлығы 20-дан астам команда қатысуда.

    Жарысты өткізу орны ретінде орталық жағажайдың воркаут алаңы таңдалды. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов құттықтау сөзінде бұл ойындардың жас спортшылар үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп, соның арқасында отандық спорт жылдан жылға нығайып келеді. Спортшыларымыз халықаралық аренада жарқын жеңістерге жетіп, ел мерейін асырып жүр. Осындай шаралар спортшылардың алға ұмтылуына ерекше серпін береді. Бұл жарыста мықтылар жеңіске жететініне сенімдімін», – деді Асхат Бердіханов.

    VI Жастар спорттық ойындары «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Төрт жылда бір рет өткізіледі. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды республикалық жарыстарға 2 мыңнан астам жас спортшы қатысады. Ойындар елімізде 24 ақпан мен 1 қазан аралығында өтеді және спорттың 34 түрін қамтиды. Сондай-ақ ұлттық құраманы қалыптастыруға және халықаралық жарыстарға, соның ішінде биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы жазғы Азия ойындарына қатысуға дайындық ретінде қызмет етеді.

    3х3 баскетбол жарысын өткізу орны ретінде Қонаев қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл спорттың классикалық түрі Алматы облысында жақсы дамыған.

    «Жастар спорттық ойындары бағдарламасына алғаш рет 3х3 баскетбол енгізілді. Алматы облысында баскетбол спортынан қол жеткізіп жатқан нәтижеге көңіл қуанады, 2005-2010 жылдар аралығында Қазақстанның бірінші және жоғары баскетбол лигаларында тамаша өнер көрсеткен «Трансстроймост» командасының жетістігі айтуға тұрарлық. «Қапшағай» кәсіпқой баскетбол клубы 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы жоғары лигасының чемпионы болды. 2014-2016 жылдары Қазақстан Кубогының финалисі, ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, соның ішінде клубтар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері атанды», – деді Алматы облысы баскетбол федерациясының кеңесшісі Елена Мартынова.

    3х3 баскетболды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баскетбол федерациясымен бірлесе отырып дамытуда. Жастар спорттық ойындары спортқа деген қызығушылықты арттырып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге септігін тигізеді.

    «Көбісі әлі де 3х3 баскетболды стритбол деп атайды. Ережелер бекітілгеннен кейін ресми түрде атауын өзгертіп, 3х3 баскетболға айналды. Алаңдағы үш ойыншыдан басқа да айырмашылықтар бар. Мысалы, ойындар 10 минутқа созылады, торға жақын қашықтықтан атсаң, бір ұпай беріледі. Қазақстанның стритбол лигасы 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 3х3 баскетболдан әлем чемпионаты 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл спорт түрі алғаш рет 2020 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Сондықтан 3х3 баскетболда да, классикалық баскетболда да біздің алдымызда маңызды міндет тұр. Мүмкін бүгінгі жарысқа қатысушылар арасында болашақ Азия және Олимпиада чемпиондары жүрген шығар?! – деді баскетболдан мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Гайна.

    Айта кетейік, Қазақстан Республикасының VI Жастар спорттық ойындары аясындағы 3х3 баскетбол турнирі 4 шілдеге дейін жалғасады.

    Ұсынымдар

    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    1 year ago
    2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 288 мыңнан астам қызмет алды

    2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 288 мыңнан астам қызмет алды

    1 month ago
    Вейпке тыйым салынады

    Вейпке тыйым салынады

    1 year ago
    Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысын тексерді

    Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысын тексерді

    1 year ago
    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>