-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    02.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Қауіпсіздікті сақтау маңызды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қарасай аудандық әкімдігінде қылмыстың алдын алу  жөніндегі  ведомствоаралық  жұмыс тобының  кезекті отырысы  өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбектің төрағалығымен өткен  жиынға жұмыс тобының мүшелері, қала және ауылдық  округ әкімдері, колледж директорлары, тиісті мекемелер мен кәсіпорын басшылары қатысты.

         Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе  – оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігі  бойынша  атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлнара Биқожаева баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2024–2025 оқу жылын 89 411 бала сәтті бітіргенін, олардың 44 816-сы  әлеуметтік осал  топтағы балалар қатарына жататынын айтты. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жалпы білім беру қорынан 67 млн 200 мың теңге бөлінген. Бұл қаржыға  478 баланы сауықтыру лагерлерінде демалдыру көзделген. Сонымен қатар, Ұлттық қор  қаражаты есебінен  «Жаздық жолдама – 2025» жобасы бойынша 280 баланы демалыс лагерьлеріне жіберу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бүгінгі күні  «Таужанашыр», Қонаев қаласындағы «Күншуақ», Қарғалыдағы «Балдәурен шақ» лагерлерінде  балалар демалуда. Сонымен қатар мектеп жанындағы жазғы алаңдар мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары лагерлерімен  27 475 оқушыны камту көзделген. Республикалық деңгейде «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне  187 оқу озаты жіберілген. Осылайша балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету көрсеткіші 65 пайызға жетіп, каникулдарын барынша пайдалы әрі қауіпсіз  өткізуге  бағытталған шаралар атқарылып жатыр.

    Осыдан кейін суға шомылу маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе балалардың  сақтық шараларын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жөнінде ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы  Бағдат  Шәріпбековтің есебі тыңдалды. Баяндамашы  Қарасай ауданында  арнайы шомылуға және демалуға  арналған  су қоймалары жоқ екенін ескере келіп, «Үшқоңырирригация» су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қарамағында 7 су қоймасы және 10 жекеменшік иелігіндегі  кішігірім су тоғандары  бар екенін жеткізді. Бұл нысандар негізінен  бақшалар мен егіс алқаптарын суғару үшін пайдаланылады. Дегенмен, аталған су қоймалары жағалауын  демалыс аймағы ретінде пайдалану жағдайлары кездесіп тұрады. Осылайша, демалушылардың мас болу,  жүзе білмеу және балаларды  ересектердің бақылауынсыз қалдыру себебінен  болатын адам өлімі азаймай отыр.  Мысалы, былтыр ауданнның су қоймаларында 11 адам суға батып кеткен болса, биыл бір адам мерт болып отыр.  Осындай қайғылы жаңдайлардың алдын алу үшін тұрғындар арасында кең көлемде үгіт-насихат жұмысы мен ақпарат тарату шаралары  жүргізіліп, оқу орындары, еңбек ұжымдарымен өзара тығыз байланыс орнатылған.

    Су айдындарындағы  жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін  төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  су қоймалары иелерімен  бірлесе отырып профилактикалық іс-шараларды атқаруда.

    Үшінші мәселе – аудан әкімі, прокуроры және полиция басқармасы басшысының «Қарасай ауданында құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстық ахуалды жақсартудың жол  картасын  іске асуру жоспары» бірлескен жобасының орындалуы жайында аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Үміт Әмірханова хабарлама жасады. «Қарасай ауданы бойынша қылмыстың алдын алу жөніндегі іс-шаралар негізінде  барлық құқық қорғау органының,  мемлекеттік мекемелердің,  қала, ауылдық округ әкімдерінің ойын-сауық орындарында түнгі рейдтер ұйымдастырып,  мектептер мен колледждердегі, ауылдық округтердегі есепте тұрған және беделді жастармен жүргізілген  жұмыстардың нәтижесінде  биылғы  бес айда тіркелген қылмыс 35 пайызға төмендеді», – деді.

    Жиын барысында баяндамашыларға түрлі сауал қойылып, жекелеген мәселелер бойынша қосымша ақпараттар берілді. Отырысты қорытындылаған  Бексұлтан Ақылбек қылмыстың алдын алу жұмысында жіберіліп отырған кейбір кемшіліктерді атап өтіп, оны болдырмау жолдарын қарастырды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

    Қонаевта сайлау күніне орай ретрокөліктер шеруі өтті

    2 years ago
    Қарасазда жасын жыр жарқылдады

    Қарасазда жасын жыр жарқылдады

    1 year ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    9 months ago
    Мықты қазақ

    Таланттар тандемі

    6 months ago
    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    Қоғамдық тәртіп бақылауда

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.