-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баспаналы болу – бір бақыт

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Баспаналы болу – бір бақыт
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Астана күні қарсаңында Қарасай ауданының бір топ тұрғындары қуанышқа кенелді. Аудан әкімі Жасұлан Естенов мұқтаж жандарға пәтер кілтін табыс етті.

    Бұл жолы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын, жасына қарай зейнет демалысына шыққан екі қария, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 6 отбасы және толық емес отбасы саналатын 29 жан баспаналы болды.
    Пәтер кілтін табыстау салтанатында Жасұлан Тоққожаұлы қоныстой иелерін осынау қуаныштарымен құттықтады.
    – Ауданымызда баспанаға зәру азаматтарға мемлекет тарапынан пәтер кілтін табыстау жалғасын табуда. Былтыр өздеріңіздей 150 отбасы осы бағдарлама бойынша қоныстойын тойлаған болатын. Жыл басынан бері тағы 35 отбасы баспаналы болса, бүгін 37 жанұя өз пәтерлеріне кіруге мүмкіндік алады.
    Әрине, біз ең алдымен тағдыр тауқыметін тартып жүрген жандарға көмек қолын ұсынуға тырысамыз. Алдағы уақытта бұл бағдарлама жалғасын тауып, мұқтаж жандар мемлекет қолдауын сезінеді деп сенемін. Сондықтан жаңа пәтерлеріңіз бақыттың мекеніне айналып, отбасында шаттықты күндер көп болсын!
    Осыдан кейін аудан әкімі қуаныш иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Кезегімен келіп, кілттерін алып жатқан жандардың көздеріндегі шаттық пен көңілдеріндегі толқынысты аңғармау мүмкін емес. Зейнеттегі қариялар, мүгедек балаларын жетектеген аналар, жеткіншектеріне тәрбие беріп жүрген әкелер де осы жерден табылды.
    – Менің немерем Алмас Жаңаберген туабітті тән кемістігі бар бала, – дейді жеткіншегін жетелей келген Тұрсынхан Нәсіралинова. – Жүре алмайтыны болмаса, барлығын түсінеді, санасы сергек болып өсіп келеді. Отбасында бұдан басқа төрт бала болғандықтан, ата-әжесімен, ата-анасымен жалдамалы пәтерде тұру қиыншылық туғызып келген еді. Енді, міне, мемлекет тарапынан баламызға баспана беріліп отыр. Алдағы уақытта Алмас науқасынан айығып, толыққанды өмір сүреді деген үмітіміз бар. Бүгінгі қуаныш сол үмітіміздің отын тұтатып отырғандай, – деді кейуана жанарына үйірілген жасты жасырмай. Алмас та ересек адамдарша бізге сәлем беріп, айналаға сергек көзбен қарайды. Ол да өз өмірінің келесі бір кезеңі – үміт пен сенімге бастайтынын сезетіндей…
    Иә, бүгіндері Қарасай ауданында 350 мыңнан астам адам тіркеуде тұрғаны белгілі. Бұл кейбір облыстардың халқынан артық екені де көпке аян. Сондықтан күн санап катары көбейіп келе жатқан жұртшылықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешіп, барлығын баспанамен қамтамасыз ету өте күрделі шаруа екені түсінікті. Дегенмен «Отбасы банкі» жүзеге асырып жатқан бағдарлама аясында бұл мәселе де кезең-кезеңімен өз шешімін табады деп сенеміз.
    Бұл жолы қуаныш иелері Қаскелең қаласының «Арнау» және «Сәукеле» тұрғын үй кешендеріне қоныстанатын болады. Ішіне қатардағы әрлеу жұмысы жүргізіліп, ас үй жиһазы мен сантехникасы қойылған пәтерлерге бірден кіріп, тұра беруге мүмкіндік жасалған.
    Қолдарына жаңа пәтерінің кілтін алғаннан кейін де аудан әкімдігінің үлкен жиынжайына жиылған жұрт тарқай қоймады. Олар аудан әкімімен естелік суретке түсіп, бір-бірін қуаныштарымен құттықтап, шаттықты сәттің аяқталмағанын қалағандай күйге бөленді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім – тыл еңбеккері

    Немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім – тыл еңбеккері

    9 months ago
    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    2 years ago
    Инвестиция игілігі

    Инвестиция игілігі

    12 months ago
    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    4 months ago
    Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

    Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>