-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Салт-дәстүр дәріптелді

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Салт-дәстүр дәріптелді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарқара жайлауында өткен «Қымызмұрындық – 2025» –  ұлттық құндылықтарды дәріптеген шара болды. Осы дүбірлі мерекеде «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» тақырыбында аналар кеңесінің республикалық форумы өткен еді.

    Айтулы шараға республикалық аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Ыдырысқызы бастаған төраға орынбасарлары Камал Әбілқасымқызы, Баян Орынбасарқызы, Астана қаласы аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Мұратжанқызы, төраға орынбасары Ботакөз Сейітханқызы, республикалық аналар кеңесінің мүшесі Айша Тұрмағанбетова, облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығының» басшылары және мамандары қатысты.  Қатысушылар әйел-аналардың қолымен дайындалған көздің жауын алар бұйымдарымен танысып, түрлі деңгейдегі шеберлік сағаттарын тамашалады.

    «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы бағытында бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бақытгүл Көнеева баяндама жасады.  Ол өз сөзінде 2014 жылы жұмысын бастаған аудандық аналар кеңесі «Отбасы мектебі» жобасы аясында «Қыздар кеңесі», «Жас отбасымен жұмыс», «Ұлы дала аналарын дәріптеу» мақсатында білім, денсаулық сақтау, полиция бөлімдері, жастар орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Бүгінде аудандағы 12 елдімекенде аналар кеңестері құрылып, өз міндеттерін атқарып жатқанын жеткізді.

    Форум аясында тігілген алты қазақ үйде қыз баланың сәби кезеңінен дана әжеге дейінгі аралықты қамтитын өсу кезеңдері көрініс арқылы көрсетілді. Шырғанақ, Бөлексаз ауылы аналар кеңесінің төрайымдары Р.Батырханова мен Г.Әкімжанова «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдерін өткізді. Ұзынбұлақ, Жылысай ауылы аналар кеңесінің төрайымдары А.Түзелбекова мен Б.Тойжанова «Ғұмыры ұзақ болсын» деген ниетпен бойжеткеннің ұзын шашына шашбау, шекелік тағып, тұрмысқа шығар алдындағы «Сырға салу» дәстүрін көрсетті. Жалағаш, Алғабас ауылы аналар кеңесінің төрайымдары Н.Қызайбекова, Б.Мырқасымова жас отауға қадам басу, ұзату көріністері  мен «Қыз жасауы» көрмесін таныстырды. Қарабұлақ, Саты ауылының аналар кеңесінің төрайымдары К.Шүңгілова мен Ж.Манасұрованың ұйымдастыруымен «Босаға майлау» ырымы жасалып, «Ақ орамал» салу дәстүрі көрсетілді, қыз жасауынан көрме қойылды. «Әйел-ана» кезеңінде Тұйық пен Кеген ауылы аналар кеңесінің төрайымдары Ғ.Сатаева мен Н.Сасықова ананың ұрпағына берер тәрбиесі мен үлгі-өнегесін паш етті. Ал «Дана әжені» бейнелеген Қарқара, Тасашы ауылы аналар кеңесінің төрайымдары К.Әлдібаева мен С.Қасымхановалар анаға балаларының көрсетер сый-құрметі мен әженің ұрпағына арнаған аманатын пашт етті. Сондай-ақ «Кимешектер сыр шертеді» атты кимешектер шеруін ұйымдастырды.

    Форумды республикалық аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Ыдырысқызы қорытындылап, кимешектердің тарихын айшықтайтын музей ұйымдастырылса деген ұсынысын айтты.

    Шара соңында Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев қоғамдық негізде жұмыс істеп, ұрпақ тәрбиесіне өз үлестерін қосып жүрген ауылдық аналар кеңесі төрайымдарына Алғыс хат табыс етті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Мәдениетімізді арттыру – маңызды міндет

    Мәдениетімізді арттыру – маңызды міндет

    3 months ago
    “Өрмекші адам” өнегесі

    “Өрмекші адам” өнегесі

    1 month ago
    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    11 months ago
    Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынып жатыр

    Алматы облысында әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынып жатыр

    1 month ago
    Еңбек түбі – береке

    Еңбек түбі – береке

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>