⛅
17°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауылына қарап, азаматын таны

    15.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ауылына қарап, азаматын таны
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           «Ер туған жеріне…» демекші, Бақай тауының баурайында орналасқан Асысаға ауылында туған жерге туын тігіп жүрген нар жігіттер баршылық. Солардың бірі – ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығымен танылып жүрген Еркебұлан Үмбетәлиев.

    Жуырда Асысаға ауылының ақсақалы Сисенбай Жетенұлы телефон шалып, ауылда бір жақсы жаңалық болғалы жатқанын жеткізген еді: «Сіздің назарыңызды Асысаға ауылының азаматы Еркебұлан Үмбетәлиевке аударғым келіп отыр. Ол жігіт ауылдың ішкі тәртібіне көңіл бөліп, ретке келтіруде. Көркейту жағын да қолға алып, игі іске мұрындық болуда», – деп ауылға келіп, жақсы істің жаршысы болуға шақырған болатын.
    «Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар», демекші, Еркебұлан 1987 жылғы құрдастарына ауыл ортасынан аллея жасауға кеңес беріп, жігіттердің басын қосып, ауылдастары демалып, серуендейтін көрікті орынның жасалуына мұрындық болыпты. Ал 2006 жылы Кеңес Одағының батыры Төлен Қабылов атындағы мектептің 80 жылдығына орай тұрғындарды түгел атсалысуға шақыра отырып, білім шаңырағын өз күштерімен күрделі жөндеуден өткізіп, оқу құралдарымен қамтып, өнегелі ісімен еленген еді.
    Енді, міне, Еркебұлан бірге оқыған сыныптастарының тағы басын қосып, 4,5 миллион теңге ақша жинап, балалар ойнайтын алаң жасауды бастаған екен. Айналасы қоршалып, балалар ойнайтын әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш орнатылып, орындықтар қойылған. Ағаш көшеттері отырғызылған. Абайсызда балалар құлап қалса, жарақат алмас үшін майда құм да төселген.
    Балалар алаңының алдындағы кіре беріс қақпа әдеміленіп жасалып, оның төбесіне «Туған өлкем» деп жазылып, ортасына шаңырақ пен күннің, астына еркін самғап ұшқан қыранның бейнесі орын тепкен. Қақпаның оң жағына, «Ауылым – алтын бесігім» деп жазылып, сол жағына:
    «Ауыл солай биікте қалу керек,
    Сол ауылға ерінбей бару керек.
    Адамның кіндік қаны тамған жерге,
    Маңдайыңның тері де таму керек!» – деген өлең жолдары ілінген.
    Әңгімеге Еркебұланның өзін тартқанымызда, ол: «Осы ауылдың балаларының әр күні қызыққа толы өтсе екен деп ойын алаңын жасадық. Арамызда өмірден озып кеткен құрбыларымызды да да еске алып, ағаш көшеттерін отырғызып, құбандық шалып, құран оқытып, сауапты іс жасауды да ескердік», – деді.
    Балалар ойын алаңының ашылу салтанатында Асы ауылдық округінің әкімі Ұлан Сағымбеков, ақсақалдар алқасының төрағасы Асқар Бақбергенов, тағы басқа да тұрғындар сөз сөйлеп, батасын беріп, алғысын айтты.
    Дәстүрге айналған бұл жақсы істі жалғастыру мақсатында «Мектептің 20 жылдық түлектері» атты ауыспалы туды кейінгі түлектерге табыс етті. Ойын алаңының ашылу салтанатынан кейін сыныптастар өмірден озған достарының аруағына арнап, ас берді.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    7 months ago
    Жаңа бөлім ашылды

    Жаңа бөлім ашылды

    9 months ago
    Асық атудан облыстық чемпионат өтті

    Асық атудан облыстық чемпионат өтті

    2 years ago
    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    2 years ago
    Қолөнер шебері

    Қолөнер шебері

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>