⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Көше тұрғындары Наурыз мейрамын тойлады

    21.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Көше тұрғындары Наурыз мейрамын тойлады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауылындағы Д.Қонаев, Бидайбек және Ә.Молдағұлова көшелерінің тұрғындары ауызбіршіліктің арқасында Ұлыстың ұлы күнін бірге тойлады.

    Олар бір үйдің баласындай ұйымшылдықпен қазақтың көне салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Әдеп-ғұрыпты насихаттап, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге көрсетті. Кимешек киген ақ жаулықты әжелер мен иықтарына оюлы шапан жапқан батагөй аталар мерекеге көрік қосып, сән берді. Дәстүрлі үрдісті жалғаған көше тұрғындары көпшіліктің алғысына бөленді.
    Мерекелік іс-шара Қанибай Өмірбайұлының ақ батасымен бастау алды. Шараға арнайы келген Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
    – Наурыз – нағыз халықтық мереке. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық сияқты құндылықтардың бәрі осы мерекеде көрініс табады. Сіздерді осы шуақты көктем мерекесімен аудан әкімінің және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! – дей келе көшенің белсенді азаматтарын аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың Алғыс хатымен марапаттады.
    Көше ақсақалдары Лехан Тастанов, Сыдық Исабек сөз сөйлеп, көше тұрғындарына ақ баталарын берді. Арыстанбек Тұрлыханов, Жансерік Жұмабекұлы, Ернұр Нұрсаханұлы, Ерден Бекетайұлы, Ділмұрат Қыдырханұлы сынды азаматтар ауылдықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
    Әжелер бесікке бөлеу, тұсаукесер сынды салт-дәстүрді дәріптеді. Рәсім барысында бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, жиналғандар ақ тілектерін білдірді. Ақ жаулықты аналар шашу шашты.
    -Біздің мақсатымыз көше тұрғындарының ынтымақ, береке, бірлігін нығайту. Осы шараны өткізу үшін көп дайындалдық. Тұрғындардың бірлігінің арқасында барлығы сәтті өтуде. Алдағы жылы осы дәстүрді басқа көшелер жалғастыратын болады, – деді ұйымдастырушы Ерғали Сатыбалдыұлы.
    Сондай-ақ шағын алаңда қазақтың ұлттық спортынан жарыстар өтті. Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген спорттық бәсекелердің бірі арқан тартыс болды. Сонымен қатар, қол күресі, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық ойындар да көпшіліктің назарын аударды. Ұлттық сайыста әр көшенің командалары өзара бақ сынасып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, жүлделерге ие болды.
    Үш көшенің тұрғындары халық әндерін шырқап, би билеп, мереке көрігін қыздырды.
    Келген қонақтар мен ауыл тұрғындары наурыз көже, бауырсақтан дәм татты.
    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Наурыз – жыл басы
    21.03.2026
    Жақсылықпен кел, жаңа күн!
    21.03.2026
    Беріктастағы берекелі мереке
    21.03.2026
    Ынтымақ – ырыс кепілі
    21.03.2026
    Көше тұрғындары Наурыз мейрамын тойлады
    21.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>