⛅
18°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әз-Наурызда 10 отбасы баспаналы болды

    22.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Әз-Наурызда 10 отбасы баспаналы болды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданында Әз-Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік думан аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған сахналық қойылымымен ашылды.

    Орталық алаңда жиналған қауымды аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, елдегі маңызды саяси өзгерістерге тоқталды.

    -15 наурыз күні өткен республикалық референдумға аудан халқы үлкен қолдау көрсетті. Жаңа Конституцияға Мемлекет басшысы қол қойып, Ата заңымыз ресми түрде қабылданды. Бұл-тарихи сәт, ұмытылмас кезең. Өңіріміз бойынша өткен жылды жақсы жетістікпен қорытындылап, биыл жүзеге асырылатын біршама игілікті істер жоспарлануда. Есігімізді ашып, төрімізді аттағалы отырған жылқы жылы баршамызға жақсылық, еңбекте жетістік, әрбір шаңыраққа шаттық алып келсін! – дей келе, мереке аясында аудан басшысы 10 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Атап айтқанда, К. Өмірәлиева, Ж. Мейірманова, Н. Шөнкеева, М.Керімбекова, А.Жақашбаева, тағы басқа азаматтар Ұлыстың ұлы күнінде қоныстойын тойлады.

    Одан соң аудан басшысы көпшілікпен бірге орталық алаңда өткен «Наурыз-думан» атты мерекелік концертті тамашалап, әсем безендірілген ақшаңқан киіз үйлерді аралады.

    Мерекелік іс-шаралар таңертеңнен басталып, аудан орталығында арнайы киіз үйлер тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді. Мерекені тойлауға жиналған тұрғындар концерт тамашалап, аудандағы мекемелер мен ұйымдар әзірлеген наурызкөже мен бауырсақтан дәм татты.

    Сондай-ақ ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қазақша күрес, асық ату, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір көтеруден өзара сынға түсті. Бұл жарыстарда әр мекемеден жиналған командалар өзара бақ сынасып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

    Мерекелік киіз үйлер арасындағы сайыстың қорытындысын аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қуанышбек Жақыпбекұлы жариялап, жеңімпаз мекемелерді арнайы сый-сияпатпен марапаттады.

    Шара соңы үлкен концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада Нұрлан Сағынай, Шаба Әденқұлқызы, Салтанат Құдайбергенова сынды өнерпаздар ән шырқап, «Өнер мектебінің» бишілері би билеп, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

    Осылайша Кеген ауданында Ұлыстың ұлы күні бар сән-салтанатымен тойланып, жұртшылық бір-біріне ақ жарма тілектерін арнады. Бұл күнгі мерекелік көңіл-күй көпшіліктің есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Наурыз – қайырымдылық пен мейірімділік мейрамы
    22.03.2026
    Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
    22.03.2026
    Наурыз келді, жыл басы
    22.03.2026
    Әз-Наурызда 10 отбасы баспаналы болды
    22.03.2026
    ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ НАУРЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫНА АЙНАЛДЫ
    22.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>