⛅
22°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлікті берік ту еткен

    01.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Бірлікті берік ту еткен
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Айтулы шараның бірі облыс орталығы Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Мереке аясында велошеру өткізіліп, оған 200-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары, спортшылар қатысты. Орталық алаңда қолөнер шеберлерінің, этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұсынылды. Сахнада театрландырылған қойылым көрсетіліп, маңызды мерекенің мәнін айшықтай түсті.

    Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

    «Бұл мереке – елімізде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметі мен ыстық ықыласын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілі тіркелген болса, оның 105-і Алматы облысында өзара келісім мен бірлікте өмір сүруде. Өңірімізде белсенді жұмыс атқарып жатқан 34 этномәдени бірлестік облыстың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді. Осы орайда, этномәдени орталықтардың, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің мүшелеріне ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолында атқарып келе жатқан еңбегі үшін шынайы алғыс білдіремін» – деді Марат Елеусізұлы. Сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

    Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың құттықтау хаты оқылды.

    «Алматы облысы – этносаралық келісім мен татулықтың жарқын үлгісі. Мұнда түрлі этнос өкілдері өзара құрмет пен сенімге негізделген ортада салт-дәстүрлерін сақтай отырып, кемел келешектің іргетасын бірге қалауда. Ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық бастамаларды қолдауға және ізгі құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлестеріңіз зор, құрметке лайық», – делінген хатта.

    Осылайша, облыс тұрғындары татулықтың жаршысы болған айтулы мерекені ықыласпен атап өтіп, маңызын терең сезінді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Соңғы жаңалықтар

    Демалыс аймағында экологиялық акция өтті
    01.05.2026
    Бірлік пен спорт үндестігі: Іле ауданында 1 мамырда футбол маусымы ашылды
    01.05.2026
    Қарғалыдағы мереке
    01.05.2026
    Бірлік пен татулық – елдіктің тұғыры
    01.05.2026
    БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ ТУ ЕТІП
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>