Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әрбір маңызды науқан – азаматтардың мемлекет ісіне деген жауапкершілігін айқындайтын кезең. Соның бірі – Құрылтай депутаттарын сайлау. Бұл – қоғамның әр саласының пікірін тоғыстырып, елдің дамуына тың серпін беретін өкілдерді таңдауға мүмкіндік беретін маңызды үдеріс.
Құрылтай депутаты – халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп қана қоймай, өңірдің өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешімін табуға атсалысатын қоғам өкілі. Сондықтан әрбір үміткердің біліміне, тәжірибесіне, азаматтық ұстанымына және ел алдындағы беделіне мән беру – уақыт талабы.
Бүгінде қоғамның дамуы азаматтардың белсенділігімен өлшенеді. Ел тағдырына бейжай қарамай, сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, туған жердің болашағына қосқан нақты үлесі. Саналы таңдау ғана қоғамның тұрақты дамуына, әділеттілік пен бірліктің нығаюына жол ашады.
Құрылтай депутаттарын сайлау – сенім мен жауапкершіліктің сыналар сәті. Халықтың сеніміне ие болған әрбір депутат ел мүддесін бәрінен биік қойып, жұрттың үмітін ақтай білсе, мемлекетіміздің өркендеуіне де, өңірлердің дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашылары сөзсіз.
Бірлік бар жерде – береке, жауапкершілік бар жерде – нәтиже бар. Сондықтан алдағы сайлауда әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын танытып, елдің ертеңі үшін саналы таңдау жасауы маңызды.
Күлзира Сейтбекқызы

