Перейти к содержимому

Жолдағы тәртіп – өмір қауіпсіздігі

33 қаралым

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне байланысты. Жүргізуші көлік тізгінінде болған кезде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы керек. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы бағытқа шығу және көлікті мас күйінде басқару ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпей, арнайы өткелдерді пайдаланғаны жөн. Ауа райы қолайсыз болған кезде жүргізушілер жылдамдықты азайтып, жол жағдайына ерекше назар аударуы қажет. Балалардың жол қауіпсіздігіне ата-аналар мен мектеп ұжымдары да жауапты. Жолдағы тәртіпті сақтау – өз өміріңді ғана емес, өзгенің өмірін де қорғау. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтау әр азамат үшін күнделікті міндет болуы тиіс.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑