Буллинг – адамның ар-намысына тиіп, психологиялық немесе физикалық қысым көрсету арқылы көрініс табатын әрекет. Ол балалар мен жасөспірімдердің өзіне деген сеніміне, оқуына және әлеуметтік қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.
Мұндай жағдайларды жасырып қалмай, ата-аналарға, педагогтерге немесе тиісті мамандарға хабарлау маңызды. Әр бала өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Құрмет пен түсіністікке негізделген орта қалыптастыру – буллингтің алдын алудың басты жолы.
Ерзат Асыл
