Іле аудандық саяси кеңес мүшелері Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Батыр» саяжайындағы тротуар құрылысының жұмыс барысымен танысып, арнайы мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны және қазіргі уақытта тротуар плиталарын төсеу жұмыстарының атқарылып жатқаны анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша құрылыс компаниясының өкілдеріне жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес, белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау қажеттігі ескертілді. Жол инфрақұрылымын дамыту және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы халық игілі үшін аса маңызды. Осы орайда Алматы облысына қарасты Іле ауданында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар Әділет партиясы Іле аудандық филиалының жіті қадағалауында.
Іле ауданы
