Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ

59 қаралым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ғылым мен білімді дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері ерекше маңызға ие.

Бүгінде жасанды интеллект пен цифрландыру тек технологиялық прогрестің құралы ғана емес, қоғамдық санаға, мәдениетке және құндылықтар жүйесіне ықпал ететін маңызды факторға айналды. Сондықтан сапалы білім беру, ғылыми ізденістерді қолдау, сыни ойлау қабілетін дамыту және ұлттық рухани мұраны сақтау – қоғамның тұрақты дамуының басты бағыттары.

Жаңа технологияларды меңгеру ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізден ажырамауы тиіс. Керісінше, ғылым мен жасанды интеллект мүмкіндіктері қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, дәріптеуге және оны келер ұрпаққа аманат етуге қызмет етуі қажет.

Зияткерлік даму мен рухани құндылықтардың сабақтастығы – саналы қоғамның негізі. Білімді ұрпақ, озық ғылым және технологияларды жауапкершілікпен пайдалану мәдениеті Қазақстанның жарқын болашағын айқындайтын маңызды факторлар болып табылады.

Рауан БҰҒЫБАЕВ,
«Әділет» партиясы Іле аудандық саяси кеңес мүшесі

↑