Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

58 қаралым

Елдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлердің дамуына серпін беру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, елдімекендерді сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету, жолдар мен әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін өзекті мәселелер.

«Халықтық құрылыс» бастамасының негізгі мәні – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы азаматтарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Мұндай жобалар жергілікті кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірлердің экономикалық белсенділігінің артуына да ықпал ете алады.

Алматы облысы үшін де инфрақұрылымды дамыту ерекше маңызға ие. Елдімекендердің қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір жобаны сапалы жоспарлау, қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және жұмыстардың орындалуын бақылау маңызды.

Инфрақұрылымды жаңғырту – тек құрылыс салу емес, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Әрбір бастаманың нәтижесі тұрғындардың күнделікті өмірінен көрініс тауып, елдімекендердің дамуына үлес қосуы тиіс.

Мұхамедсұлтан ТАМАБЕК,
Іле аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі

↑