-13 °c
Qonaev
Monday, September 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Идеология

    “Менің туым – мақтанышым”

    05.06.2024
    in Идеология
    “Менің туым – мақтанышым”
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Рәміз – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл.

    Кеген ауылының орталық алаңында Қазақстан Республикасының рәміздер күні мерекесіне арналған «Менің туым – мақтанышым» атты патриоттық шара өтті. Мерекеге мемлекеттік қызметкерлер, аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары, оқушылар және аудан тұрғындары қатысты. Мерекелік шарада әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік әнұран шырқалды.

    Ту тұғырын көтеру рәсіміне аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық ақсақалдар алқасының  төрағасы Сабыр Досымбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Алмасбек Нөкербанұлы, 2011 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылы жастар арасында ҚР қола жүлдегері, 2013 жылы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, «Спорт саласы үздігі» медалінің иегері, Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Азамат Дүмбіров қатысты.

    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

    – Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!- деген аудан басшысы Мемлекеттік рәміздердің қадір- қасиетін арттыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты.

    Іс-шара барысында Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Азамат Дүмбіров, Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Шұғыла Нұрмаманқызы Рәміздердің тарихы туралы баяндамасын оқып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихын Садуақас Серкебаев атындағы мектеп гимназиясының білімгерлері таныстырып өтті.

    Мерекелік іс-шара одан әрі мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты патриоттық ән кешіне ұласты.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

     

    Ұсынымдар

    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті

    1 year ago
    Шаруаларға қолдау көрсетіледі

    Шаруаларға қолдау көрсетіледі

    1 year ago
    Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

    Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

    12 months ago
    Облыс тұрғындары көліктің VIP-нөміріне қанша ақша жұмсады?

    Облыс тұрғындары көліктің VIP-нөміріне қанша ақша жұмсады?

    2 years ago
    Өз ісінің білгірі

    Өз ісінің білгірі

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>