Перейти к содержимому
Главная страница » Дарынды шәкірттер дебат сайысында дараланды

Дарынды шәкірттер дебат сайысында дараланды

“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ гранты шеңберінде “Жас ұрпақ” жастар қоғамдық бірлестігінің “Жетісу ділмарлары» пікірсайыс қозғалысы жобасы аясында Жетісу облысы білім басқармасымен бірлесіп 10-12 қараша күндері “Жаңа Қазақстанның болашағы — зерделі ұрпақ” атты республикалық пікірсайыс турнирін өткізді. Ойы ұшқыр, танымы терең таланттар бәсекесінде бақ сынаған өңір өрендері 3 лига бойынша да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Алматы облысының намысын қазақ лигасында қорғаған Жамбыл ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушылары Диана Тайтанова мен Жадыра Әлікова 1-орын иеленсе, орыс лигасында бақ сынаған Қарасай ауданындағы әл-Фараби атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің шәкірттері Арайлым Төлепбек пен Айгерім Жарқынбек алғашқы жүлдеден көрінді. Сондай-ақ, ағылшын лигасында бақ сынаған қарасайлық Аяулым Құрбанбек “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алды. Дарынды шәкірттердің шығармашылық шыңынан көріне беуін тілейміз.