Перейти к содержимому
Главная страница » «Таза Қазақстан»: Алатау қаласында ауқымды экологиялық жұмыстар жүргізілді

«Таза Қазақстан»: Алатау қаласында ауқымды экологиялық жұмыстар жүргізілді

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алатау қаласында қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық тазалықты сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері қала аумағында тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, қоғамдық орындар, саябақтар, скверлер, көшелер мен әлеуметтік нысандардың аумақтары тазартылды. Экологиялық акцияларға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындары белсенді қатысты.

Сенбіліктер барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, заңсыз қоқыс орындары жойылды, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылды. Сонымен қатар қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл аймақтарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, табиғатты аялау мен тазалықты сақтау мәдениетін насихаттайтын ақпараттық акциялар өткізілді.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Алатау қаласында атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қаланың тазалығы мен көркеюі – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Таза қоршаған орта – дені сау ұрпақ пен жарқын болашақтың кепілі.