Есірткі – адамның денсаулығы мен өміріне ғана емес, отбасы мен қоғамның тұрақтылығына да үлкен қауіп төндіретін кесел. Оның алдын алу үшін ең алдымен жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру қажет. Ата-ана баласының ортасына, бос уақытына және мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып отырғаны жөн. Жастарды спортқа, білімге, өнерге және қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту зиянды әдеттерден аулақ болуға мүмкіндік береді. Есірткіні сақтау, тарату немесе қолдану ауыр зардаптарға әкелетінін әр азамат түсінуі тиіс. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Есірткісіз орта қалыптастыру – дені сау ұрпақ пен қауіпсіз болашақтың кепілі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ