Перейти к содержимому

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

33 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір тұрғынның тыныш әрі алаңсыз өмір сүруінің басты шарты. Балқаш ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әр азамат қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағылардың құқығына құрметпен қарауы тиіс. Күдікті жағдайларға бейжай қарамау да азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Бірлік пен өзара түсіністік болған жерде қауіпсіздік те нығая түседі. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр тұрғынның күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы қажет.

Алтынай СЕЙІТКЕН