Аялдамалар, саябақтар, балалар алаңдары, жарықтандыру жүйелері және басқа да қоғамдық нысандар – барша тұрғынның игілігі үшін жасалған ортақ мүлік.
Өкінішке қарай, кейде қоғамдық орындарды ластау, мүлікті бүлдіру немесе оған ұқыпсыз қарау жағдайлары кездеседі. Мұндай әрекеттер тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне кері әсер етеді.
Қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау – азаматтық мәдениеттің белгісі. Әрбір тұрғын «бұл – менің меншігім емес» деп емес, «бұл – біздің ортақ игілігіміз» деген түсінікпен қарауы қажет.
Әсіресе, жас ұрпаққа тазалық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру маңызды. Үлкендердің дұрыс әрекеті балалар үшін әрдайым үлгі.
Таза әрі қауіпсіз орта әркімнің күнделікті әрекетінен қалыптасады. Ортақ дүниені қорғау – өзіміздің өмір сүру сапамызға қамқорлық жасау деген сөз.
Ерзат АСЫЛ