Перейти к содержимому

Ортақ мүлікке – ортақ жанашырлық

33 қаралым

Қоғамдық мүлік – барша тұрғынның ортақ игілігі. Аялдамалар, саябақтар, балалар алаңдары мен басқа да нысандар халықтың игілігі үшін қызмет етеді. Оларды бүлдіру немесе ұқыпсыз пайдалану қоғамға да, тұрғындарға да зиян келтіреді. Балқаш ауданының әрбір тұрғыны өз ауылын, көшесін және қоғамдық орындарды таза әрі тәртіпті ұстауға үлес қоса алады. Ортақ дүниеге жанашырлық таныту – азаматтық мәдениеттің белгісі. Жастарға қоғамдық мүлікті қорғау мен еңбекке құрметпен қарауды үйрету маңызды. Таза әрі тәртіпті орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Алтынай СЕЙІТКЕН