Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Отбасы мәселесі заң аясында шешілуі керек

Отбасы мәселесі заң аясында шешілуі керек

32 қаралым

Отбасы – адамға қорған, жылу және қолдау көрсететін қауіпсіз орта болуы тиіс. Сондықтан отбасындағы ұрып-соғу, қорқыту, кемсіту немесе психологиялық қысым көрсетуге ешқандай жағдайда жол берілмеуі керек. Зорлық-зомбылықты жасыру немесе оған бейжай қарау мәселенің одан әрі күрделенуіне әкелуі мүмкін. Қиын жағдайға тап болған адам көмек сұраудан қорықпай, құқық қорғау органдарына немесе тиісті мамандарға жүгінгені дұрыс. Ал айналадағы адамдар зорлық белгілерін байқаса, үнсіз қалмай, тиісті қызметтерге хабарлауы қажет. Отбасындағы мәселелерді күшпен емес, өзара түсіністікпен және заң аясында шешу маңызды. Зорлық-зомбылықсыз отбасы – мықты қоғам мен қауіпсіз болашақтың негізі.

Ерзат АСЫЛ