Талғар ауданында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу – маңызды бағыттардың бірі. Қауіпсіз орта қалыптастыру ең алдымен заң талаптарын сақтаудан және әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Тұрғындардың қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағылардың құқығына құрметпен қарауы маңызды. Құқық қорғау органдары мен жергілікті қоғамдастықтың бірлескен жұмысы қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық берген жөн. Заң бұзушылықтың алдын алу – орын алған жағдайға әрекет етуден әлдеқайда тиімді. «Заң мен тәртіп» қағидаты әр тұрғынның күнделікті өміріндегі басты ұстанымға айналғанда, ауданның қауіпсіздігі де нығая түседі.
Ерзат АСЫЛ