Есірткі – адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, жас ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін күрделі мәселе. Талғар ауданында жастарды зиянды әдеттерден қорғау және олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау маңызды. Бұл ретте ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы және жасөспіріммен ашық сөйлесуі үлкен рөл атқарады. Жастарды спортқа, білімге, өнерге және қоғамдық жұмыстарға тарту олардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген күдікті жағдайға бейжай қарамай, тиісті органдарға хабарлау қажет. Әр жас өз таңдауының денсаулығы мен болашағына тікелей әсер ететінін түсінуі тиіс. Есірткісіз орта қалыптастыру – Талғар ауданының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ