Отбасындағы зорлық-зомбылық – жеке отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Күш көрсету, қорқыту, балағаттау немесе психологиялық қысым адамның құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді. Мұндай жағдайға тап болған адам өзін жалғыз сезінбеуі керек және көмек сұрауға толық құқылы. Зорлық-зомбылықты жасыру мәселенің шешілуін қиындатып, оның қайталануына жол ашуы мүмкін. Туыстар, көршілер және жақын адамдар да осындай жағдайға бейжай қарамай, қажет кезде тиісті органдарға хабарлағаны дұрыс. Отбасындағы кез келген жанжал заң аясында және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып шешілуі қажет. Зорлықсыз отбасы – бақытты балалық шақ пен тұрақты қоғамның негізі.
Қуат ҚАЙРАНБАЙ