Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау тек полиция қызметкерлерінің міндеті емес. Әр азамат өз ауласында, көшесінде және қоғамдық орында тәртіптің сақталуына үлес қоса алады. Құқықбұзушылыққа немқұрайлы қарамау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Күмәнді жағдайға тап болған кезде тиісті органдарға уақытылы хабарлау маңызды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар ерекше көңіл бөлуі қажет. Қоғам мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, белгіленген тәртіпті сақтағанда ортақ қауіпсіздік нығая түседі. Заңды құрметтеу – қауіпсіз ортаның негізгі шарты.
Ерзат АСЫЛ
