☀️
20°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алатау қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті

    22.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Алатау қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алатау қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Биылғы Наурыз ерекше мазмұнымен, тағылымы терең мәнімен және көпұлтты бірлікті айшықтаған көріністерімен ерекшеленді.

    Мерекеге орай қала әкімі тұрғындарды құттықтап, бұл күннің береке-бірлік пен ізгіліктің бастауы екенін атап өтті.

    «Баршаңызды береке-бірліктің бастауы, ізгілік пен жақсылықтың жаршысы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – ақ дастархан жайылып, алыстағы ағайынмен қауышатын, бірлік пен ынтымақ нығайып, тіршілігіміз түлеп, жаңаратын ерекше күн», – делінген құттықтауда.

    Қала басшысы өз сөзінде биылғы Наурыздың ерекшеліктеріне де тоқталды. Атап айтқанда, мереке елімізде «Наурызнама» онкүндігі аясында жаңа сипат алып, жалпыұлттық деңгейде аталып өтуде. Сонымен қатар, биылғы Наурыз Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келіп, рухани құндылықтарды дәріптейтін ерекше кезеңге айналды.

    Сондай-ақ, Алатау қаласының дамуына қатысты маңызды жаңалықтар да атап өтілді. Жақында Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы Конституциялық заң» жобасы қаралғаны белгілі. Бұл құжат қаланың дамуына жаңа серпін беріп, инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жетілдіруге және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік ашпақ.

    Бүгінде Алатау қаласы – 30-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан берекелі мекен. Қаладағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтып, достық пен өзара құрметтің үлгісін көрсетіп келеді.

    Мерекелік іс-шаралар аясында қалада қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қала аумағында 16 қазақ үй тігіліп, олардың әрқайсысында түрлі этнос өкілдері бірлесе отырып наурыз көже дайындады. Бұл бастама ұлттық тағам арқылы халықтың бірлігі мен ортақ құндылықтарын айшықтай түсті.

    Сондай-ақ, мерекеде ұлттық ойындар ойнатылып, дәстүрлі салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Қаламыздың ақсақалы көпшілікке бата беріп, елге береке, ынтымақ пен амандық тіледі. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысып, мерекелік думанның көркін қыздырды.

    Алатауда өткен Наурыз мерекесі достық пен ынтымақтың, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.

    Соңғы жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ НАУРЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫНА АЙНАЛДЫ
    22.03.2026
    Алатау қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
    22.03.2026
    Қонаев әкімі Наурыз мерекесіне орай құттықтады
    22.03.2026
    Ұрпаққа өнеге болған шара
    22.03.2026
    Ақтастыдағы Наурыз тойы
    21.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>