«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қонаев қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға қазіргі уақытта кең таралған қылмыс түрі – интернет және байланыс құралдары арқылы жасалатын алаяқтық екені түсіндірілді. Алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдары және мемлекеттік мекемелердің қызметкері ретінде таныстырып, WhatsApp және Telegram арқылы азаматтарды алдап, қаражатын иемденетіні айтылды. Құқық қорғау органдары (ІІМ, ҰҚК, прокуратура) мессенджерлер арқылы қызметтік қоңырау шалмайтыны, ресми байланыс тек шақырту, ресми хабарлама немесе мекемеге шақыру арқылы жүзеге асатыны ескертілді.
Азаматтарға келесі сақтық шаралары ұсынылды: – SMS-кодтар мен банк деректерін үшінші тұлғаларға бермеу;
– күмәнді сілтемелерді ашпау;
– белгісіз қосымшаларды орнатпау;
– ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеру. Жүргізілген шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.
