Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп — жаңа қаланың тұрақты дамуының негізі

Заң мен тәртіп — жаңа қаланың тұрақты дамуының негізі

Алатау қаласы бүгінде қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор жаңа қалалардың бірі. Қаланың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырумен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету де басты назарда.

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алатау қаласында құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар және жастар ұйымдарының қатысуымен тұрақты түрде профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені бүгінгі жастардың заңға деген құрметі мен жауапкершілігі – ертеңгі қоғамның тұрақтылығының кепілі. Осы бағытта түрлі кездесулер, ашық диалог алаңдары, түсіндіру шаралары мен профилактикалық акциялар ұйымдастырылып келеді.

Жаңа құрылып жатқан қала үшін заңдылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы аса маңызды. Себебі қауіпсіз әрі тұрақты орта ғана тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, қаланың инвестициялық және әлеуметтік тартымдылығын күшейтеді.

Қоғамдық пікір көшбасшысы ретінде әрбір тұрғынды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және ортақ жауапкершілік қағидатын ұстануға шақырамын. Заң үстемдік құрған қоғамда ғана тұрақтылық, даму және жарқын болашақ болады. Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы Жолдыбаева Гүлназия