Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Сондықтан отбасындағы сыйластық, өзара түсіністік пен қауіпсіздік қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Өкінішке қарай, кейбір отбасыларда жанжал мен зорлық-зомбылық фактілері кездеседі. Дене күшін қолдану ғана емес, қорқыту, қорлау, психологиялық қысым көрсету де адамға ауыр зардап келтіруі мүмкін.
Отбасылық зорлық-зомбылық – жеке мәселе емес, қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс құқықтық және әлеуметтік мәселе. Зорлық көрген адам үнсіз қалмауы керек. Уақытында көмек сұрау – өз қауіпсіздігін қорғаудың маңызды қадамы.
Мұндай жағдайлардың алдын алуда құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, білім беру мекемелері және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы маңызды.
Әрбір отбасы мүшесі бір-бірінің құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуі тиіс. Күш көрсету ешқашан мәселені шешудің жолы бола алмайды.
Берекелі отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа бірге қарсы тұрайық.
Жаухар АМАНГЕЛДИЕВА