Алматы облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биыл «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Балқаш ауданында есірткі заттары тәркіленген.
Дегенмен есірткі қылмысымен күрестің ең маңызды бөлігі – жастарды оның зардабынан қорғау. Бұл жерде ата-ананың баласымен сөйлесуі, мұғалімнің оқушының мінез-құлқындағы өзгерісті байқап қалуы, ал қоғамның есірткі насихатына немқұрайлы қарамауы маңызды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ