Перейти к содержимому

Жолдағы тәртіп – өмір кепілі

40 қаралым

Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің міндеті. Жолдағы бір ғана қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан Балқаш ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Жүргізушілер жылдамдықты асырмай, көлік жүргізу кезінде барлық талаптарды сақтауы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер белгіленген өткелдер арқылы өтіп, жол қауіпсіздігіне мұқият болғаны жөн. Балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыруда ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігі де жоғары. Жолдағы тәртіп – адам өмірін сақтаудың ең маңызды кепілі.

Алтынай СЕЙІТКЕН