Қазіргі уақытта интернет алаяқтық азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп отыр. Алаяқтар өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, адамдарды алдауға тырысады. Сондықтан жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін және құпия кодтарды ешкімге беруге болмайды. Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажет. Ақша аудармас бұрын ақпараттың шынайылығын бірнеше рет тексерген дұрыс. Балқаш ауданы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру – алаяқтықтың алдын алудың маңызды жолы. Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің басты кепілі.
Алтынай СЕЙІТКЕН