Перейти к содержимому

Заңды білу арқылы өзіңді қорға!

32 қаралым

Құқықтық сауаттылық – әр азамат үшін маңызды өмірлік қажеттілік. Заңды білетін адам өз құқығын қорғап, міндетін дұрыс орындай алады. Балқаш ауданында тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы түсіндіру жұмыстары қоғам үшін маңызды. Күнделікті өмірде еңбек, отбасы, мүлік және тұтынушы құқықтарына қатысты түрлі мәселелер туындайды. Осындай жағдайда заң талаптарын білу дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Құқықтық сауатты азамат заң бұзушылыққа жол бермей, қоғамдағы тәртіптің нығаюына үлес қосады. Заңға құрмет – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі.

Алтынай СЕЙІТКЕН