Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қоғам тыныштығы – баршаға ортақ міндет

Қоғам тыныштығы – баршаға ортақ міндет

37 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп – әрбір тұрғынның тыныштығы мен әл-ауқатының маңызды кепілі. Іле ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Алайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндетімен шектелмейді. Әрбір азамат қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, заң талаптарына құрметпен қарауы қажет. Күдікті жағдайларға бейжай қарамау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – азаматтық мәдениеттің белгісі. Бірлік пен өзара түсіністік бар жерде қоғамдық тәртіп те нығая түседі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты Іле ауданының әрбір тұрғыны үшін ортақ құндылыққа айналуы тиіс.

Ерзат АСЫЛ